AnyConv.com__image 6 (2)

Берген қол - алған қолдан қайырлы!

Қазақ

Біздің жұмыс

Қордың жобалары мен бағдарламалары:

«Аssyltas» қорының басты жобалары мен атқарылып жатқан іс-шаралары жайында мағлұматтар.

ASSYL DOMBYRA

ASSYL DOMBYRA ақындар айтысының мақсаты – айтыс өнерін халық арасында кеңінен насихаттау, ақындық дәстүрді жаңғырту болып табылады. Айтысқа осыған дейін түрлі халықаралық, республикалық ақындар айтысында өнер көрсеткен тәжірибелі айтыскерлер қатысады. Олар өз облыстарының атынан сынға түседі. Әр командада 3 ақыннан болады. Барлығы 20 облыстан 60 ақын қатысады.

ASSYLTAS TV

ASSYLTAS TV арнасынан танымал тұлғалармен сұхбаттарды тамашалап, қызықты бағдарламаларды көре аласыздар. Сондақ-ақ, деректі фильмдер, ақындар айтысы, спорттық сайыстар мен өңірлерде жасалынып жатқан игі амалдарды тамашалай аласыздар.
Мақсаты: Assyltas қорының жасап жатқан жұмыстарын көрсету, қазақ тілінің аясын кеңейту және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

100 өлең жобасы

100 өлең жобасы — қазақ ақындарының 100 өлеңін жатқа айту сайысы. Қор жыл сайын 100 өлеңнің тізімін жасап, БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы жұртшылыққа жариялайды.

«Аssyltas» стипендиясы

«Assyltas» стипендиясын әр жылдары Қалижан Білдәш, Әсем Ережеқызы, Төлеген Жаманов, Сезімхан Шұғайып, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Мерей Қарт секілді азаматтар алған. Алдағы уақытта жыл сайын өнер, спорт, ғылым, әдебиет, журналистика саласының үздіктеріне беру жоспарда тұр. Желтоқсан айында үздіктердің басын қосып, оларға стипендия мен төсбелгілер табысталады.

«Тұғыры биік –Тарбағатай»

Реквизиттер:

Біздің әлеуметтік желілер

© 2024. ASSYLTAS ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.