AnyConv.com__image 6 (2)

Берген қол - алған қолдан қайырлы!

Қазақ

Жаңалықтар

«ASSYLTAS» БИЗНЕС ГРАНТЫ: НАУРЫЗ АЙЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

АSSYLTAS қоғамдық қоры Қазақстандағы жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырып отырған «ASSYLTAS» бизнес гранты конкурсы жайлы хабарлайды! Құрметті достар! Конкурс 2021 жылдың соңына дейін, әрбір айдың 5 жұлдызы мен 25 жұлдызы аралығында, конкурстық негізде ұйымдастырылады. Конкурсқа қатысу үшін өзіңіздің кәсібіңіз немесе стартапыңыз жайлы жүйелі бизнес жоспар мен 1-3 минуттық бейнеролик дайындау қажет. Біз басымдық беретін бағыттар:
-салауатты өмір салтын қалыптастыру;
-өндіріс;
-ұлттық өнер;
-қазақ тілін дамыту;
-мобильді қосымшалар
Қазақстанның барлық өңірінен қатысуға болады. Конкурсқа 18 бен 35 жас аралығындағы ҚР азаматтары қатыса алады. Жеңімпаздарға қайтарымсыз 1 000 000 (бір миллион теңге) беріледі! Конкурсқа мал шаруашылығы, сұлулық салондары, алып-сату, дүкен ашу сынды кәсіптер қатыса алмайды! Жұмыстарды assyltas.business.grant2021@gmail.com поштасына қабылдаймыз! Қатысушыларға сәттілік тілейміз! Толық ақпаратты мына нөмірден ала аласыздар: 8 747 416 70 42

  • All Posts
  • ASSYLTAS Business Help
  • Assyltas TV
  • Жаңалықтар

Реквизиттер:

Біздің әлеуметтік желілер

© 2024. ASSYLTAS ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.